Жаңалықтар

Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды

Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды

Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат 8:30-да Горняков көшесіндегі жылу трассасын жауып тастады. Салдарынан 83 үй, соның ішінде 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке меншік үй жылусыз қалды. Айта кетері, жылу маусымы басталғалы бері Рудный қаласында бірнеше апат болды.