жұма, 11 қазан, 2024 9:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Рухани білім – дертке дауа» тақырыбында кездесу өтті

«Рухани білім – дертке дауа» тақырыбында кездесу өтті
ашық дереккөзі
«Рухани білім – дертке дауа» тақырыбында кездесу өтті
Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының кітапхана қызметкерлерімен «Рухани білім – дертке дауа» атты тақырыпта кездесу болды. Кездесуге «Әл-Хақ» мешітінің имамы Серікбаев Ерман арнайы қонақ болып барып, тақырып бойынша уағыз-насихат жасады. Ерман имам кездесуде: "Адам тамақсыз, ұйқысыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал музыка тыңдамай, кітап оқымай-ақ тіршілік етуге болады емес пе? Иә, дегенмен де, рухани қажеттіліктерді қанағаттандырмаған адам ақырындап төмен құлдырап, дөрекілене бастамақ. Егер ол рухани қажеттіліктерді қаперіне алмайтын болса, тағы адамның деңгейіне дейін құлдырайды. Өркениетті адам мен тағы адамның арасында қандай айырмашылық болатыны кім кімге де белгілі. Беліне бір жапырақ тері байлап алған жабайы адам балықты немесе аңды тірідей жейді, үңгірде, болмаса сабаннан тұрғызылған күркеде өмір кешеді. Мұндай жандардың аңнан айырмашылығы оншалықты көп емес. Осындай жағдайда өмір сүретін пендені бақытты деп кім айта алады?" - деп, тосыннан сұрақ қойды. Сондықтан, бақытты тірлік кешу үшін де рухани қажеттіліктерімізді көбірек қанағаттандыруға көңіл бөлуіміз шарт,- деді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар