Руслан Берденов мандатын тапсырып, жаңа қызметке тағайындалды
Respublica партиясынан мәжіліс депутаты болып сайланған Руслан Берденов мандатын тапсырып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін "Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.
2005 жылы еңбек жолын "Сеймар Груп" АҚ-да Almaty Kus компаниясында бастаған. 2007-2010 жылдары Procter & Gamble LLP компаниясында негізгі логистикалық координатор қызметін атқарған.
2010-2012 жылдары EASTCOMTRANS ЖШС-де жылжымалы құрамды жалға беру бөлімінің бастығы болған.
2012-2018 жылдары Akniet Pharmaceuticals компаниясының басшысы болды. Бұл фармацевтикалық компания Қазақстандағы 50 ірі жеке компания қатарына кіреді. Компанияға Europharma және Arzan pharm брендтерімен 282 дәріхана кіреді.
2018-2019 жылдары "Ақ Ниет" ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі болған.
2019-2023 жылдары Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.