жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сәбізге қақалған»: БҚО-да 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды

«Сәбізге қақалған»: БҚО-да 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды
ашық дереккөзі
«Сәбізге қақалған»: БҚО-да 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды. Теректі аудандық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған. «1,7 жасар ұл бала сәбіз жеп жүріп қақалып қалған. Оны анасы байқап, желкесінен түйгенімен, сәбіз шықпаған. Баланы аудандық ауруханаға алып келгенімен, тіршілік белгісі болмады. Жансақтау шаралары жүргізілгенімен, ол нәтиже бермей, сәби қайтыс болып кетті», - деп хабарлады ауруханадан. Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1,7 жасар баланың өлімі тіркеліп, сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін жеткізді. Дереккөз: Halykuni сайтынан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар