Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов финалда Рио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан ұтылды. Еске салайық, Сәкен Бибосынов 2021 жылы Әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.