Сәлемдемеден табылған тыйым салынған зат
Тыйым салынған заттарды жасырын түрде темір тордың ар жағына өткізуге ниеттенгендердің саны азаймай тұр. Соған қарамастан құйтырқы тірлік әшкереленіп, заңсыздықтардың жолы кесілуде.
Тараздағы ерекше режимдегі №59-мекемесінде ағымдағы жылдың 6-қаңтар күні тағы бір құқықбұзушылық анықталды. Жазасын өтеушіге сәлемдеме арқылы қатаң тыйым салынған заттарды жөнелткен. Бұл жолы тосын сый «3 желания 800гр» майонезінің ішінен полиэтилен пакетіне оралып тығылған, онда 38-дана ақ түсті,спецификалық иісі жоқ таблеткалар және жасыл түсті, спецификалық иісі бар зат тәркіленді.
Осы факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-Полиция басөармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген заттарды анықтау үшін сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025