Сұмдық! Бірнеше жыл бойы су ішпеген қыздың бүйрегінен 300-ге жуық тас табылды
Сұмдық! Бірнеше жыл бойы су ішпеген қыздың бүйрегінен 300-ге жуық тас табылды
20 жастағы Тайвань елінің азаматшасынан бүйрегінен 300-ден астам тас алынып тасталды. Белі ауырып, температурасы жоғарылаған қыз дәрігерлерге жүгінген. Сараптамадан кейін қыздың бүйрегінде ірі көлемде тас бар екені анықталған. Дәрігерлер дереу ота жасап науқастың бүйрегінен тастарды алып тастады. Отадан кейін қыз бала дәрігерлерге бұрыннан тек танымал көпіршікті шай ішкенін және суға немқұрайлы қарайтынын айтқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Тастар тоқаш сияқты
Науқасқа бірден жіберілген ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері дәрігерлерді қатты таң қалдырды. Оң бүйректің мөлшері ұлғайтылғаны аныталған. Артынша сол бүйректегідей 5 мм-ден 2 см-ге дейінгі 300-ге жуық тастар табылды.
Дәрігерлер қыздың қантты көпіршікті "бабл-ти" шайларына (бұл сабан арқылы ішетін тапиока шарлары қосылған көбікті шай сусыны), жеміс шырындары мен алкогольге шамадан тыс құмар болуынан бүйрек тастарының көп мөлшері пайда болды деп болжады. Қыз көптеген жылдар бойы су ішпейтінін мойындады.
Неліктен бүйректе тастар пайда болады?Көбінесе бүйрек тастары 40-50 жастан асқан ерлерде кездеседі. Тастар адамға ешқандай ыңғайсыздық тудырмай ұзақ жылдар бойы өсе алады. Бүйректе тастар пайда болған белгі зәрдің түсінің өзгеруі, температураның жоғарылауы, жүрек айнуы мен құсу, жиі зәр шығаруға деген ұмтылыс, ауырсыну және дәретханаға барғаннан кейін жеңілдеудің болмауы секілді әдеттерден аңғарылады.