"Сұмдық": Тапа-тал түсте оқушыны ит талап тастады
Қабаған иттің иесі анықталып, оған 40 мың көлемінде айыппұл салынған
Маңғыстау облысында 15 жастағы мектеп оқушысын ит талаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқушыны қабаған иттен жергілікті тұрғындар әрең арашалап, бірден жедел жәрдем қызметін шақырған.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған.
Ал зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқитыны белгілі болды.