сенбі, 2 қараша, 2024 19:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СӘНГЕ АЙНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ КУРСТАР

СӘНГЕ АЙНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ КУРСТАР
ашық дереккөзі
СӘНГЕ АЙНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ КУРСТАР
Ғаламтор бетін аша қалсаңыз болғаны, бәрін жалмап алған заманауи мың саладағы курстар. Оқимын деген адамға тосқауыл жоқ. Төлеймін деген ақшаңыз болса психология, таргет, маркетолог, тендер,  тіптен IT саласын аз уақытта игеріп алуға болады деген жарнамалар жаулап барады. Осы жөнінде Тараз  қаласы тұрғындарының ойын білсек. Мәселен маркетолог Махамбет Даулет курстардың пайдалы екенін айтады. Өзі де бірнеше курс сертификаттарынан кенде емес екен:
Заманның өзгеруіне байланысты интернет курстар дамып барады. Бірақ қайсысына сеніп, қайсысына күдікпен қарау керегін білмеймін. Жалпы өзім «Арман Юсупов» атты курсты сатып алдым. Осының нәтижесінде екінші мамандығымды оқып, болашағы бар маркетолог маманы атандым. Қазіргі таңда еңбегімнің жемісін көрудемін. Енді таргет мамандығын игерсем деп отырмын.
Ал, қала тұрғыны Ақнұр Сағитжан курстар университеттің білімін шектей алмайды деген ойда:
Менің ойымша, интернет курстар пайдалы, себебі білмеген ақпаратты алуға, ақыл-ойыңды шынықтыруға және жетілдіруге болады. Алайда көпшіліктің бұл форматқа ауысуы маған ұнамайды. Мектеп пен университет қажет емес деген түсінікті қате деп санаймын. Оқу орындарының адам өміріндегі орны бөлек және ерекше естеліктер қалдыратын ошақ екенін ұмытпайық.
  Бойжеткен Амангелді Ұлпан да онлайн курсқа қатысты өз ойымен бөлісті. Айтуынша, дұрыс пайдаланған адамға пайдасы, байыппен таңдамасаң курстың кемшілігі де бар деген пікірде:
Интернет курстардың пайдалы жағына тоқталсақ, жолға кететін ақшаны, қас пен көздің арасында зуылдап бара жатқан уақытыңды үнемдеуге болады. Қалаған кезде сайтқа кіріп, куратормен тиімді және тез байланыса аламыз. Мен өзім бірнеше онлайн курстарды оқығанмын, алайда соңына дейін қарамадым. Өзім секілді өзге жандар курстарды аяқтамайды. Топпен көзбе-көз көріспегендіктен, қызығушылық та аз.
Дегенмен, қала тұрғыны Тимур Тұрсынов онлайн курстардан көңілге қонымды нәтиже шығару мүмкін емес деген ойда:
Мен өзім тіл саласына қызығамын. Интернет курстарға сенбеймін және қолдамаймын. Мысалға, кез-келген ақпаратты түсіну үшін тек теориялық білім жеткіліксіз. Осы курстарды ұйымдастырушылар жиі практиканың да маңызды екенін ескермейді. Тіл үйренуге ұзақ уақыт пен төзімділік керек. Менің ойымша, қай саладағы курс болмасын, арнайы орталыққа барып, адамдармен араласып, практиканы шыңдаған дұрыс.
   

М.Х.Дулати атындағы конвергенттік журналистика

3 курс студенті

Әбдіқайымова Жанел

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар