Жаңалықтар

СҚО-да 125 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

34 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында 125 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, биыл қадағалау органдары жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесінің мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.

Ақжар, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында ауыл шаруашылығы жерлері заң талаптарына сәйкес қолданылмай келген. Қадағалау шаралары нәтижесінде 8,3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, заңды айналымға енгізілді. Оның кадастрлық құны 95,7 миллион теңгені құрайды.

Қалған жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары әлі де жалғасуда.