Жаңалықтар

СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды

СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 23 жастағы жігіт кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті «Зорлау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. «Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз», - делінген ведомство таратқан хабарламада. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне бірнеше адамнан мектеп оқушысының сыныптастарын пышақпен қорқытқандығы туралы арыз-шағымдар түскен. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.