Жаңалықтар

СҚО-да 24 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

СҚО-да 24 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы Алена Пятковаға іздеу жарияланды. Одан екі аптадан бері хабар жоқ.

Аленаның бойы – 168 см, арықша келген, ұзын қара шашты, көк көзді. Сол күні басында қызғылт түсті бас киім, үстінде қара-көк түсті, жағасы ақ терімен көмкерілген күрте, көк джинсы шалбар, қара бәтеңке болған. Іздеу жарияланған бойжеткен жайында қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ 47 жастағы Мұрат Ғалымұлы Мұханжаровқа да іздеу жарияланды. Петропавл тұрғыны соңғы рет туыстарымен қазан айында байланысқа шығып, СҚО Булаев қаласында құрылыста жүргенін айтқан. Кейін онымен байланыс үзілген. Ер адамның бойы – 170 см, қой көзді, қара қысқа шашты.