сенбі, 2 қараша, 2024 15:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СҚО-да энергетик сусынды көп тұтынатын сарбаздың жүрегі тоқтап қалды

СҚО-да энергетик сусынды көп тұтынатын сарбаздың жүрегі тоқтап қалды
ашық дереккөзі
СҚО-да энергетик сусынды көп тұтынатын сарбаздың жүрегі тоқтап қалды
Солтүстік Қазақстан облысында жедел медициналық көмек қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған жігітті өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жайында СҚО Жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоног әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әскери бөлімге шақырту түс кезінде түскен. Фельдшерлер Талғат Қасенов пен Екатерина Шмидт, жүргізуші Мерген Әділбаевтың бригадасы оқиға орнына үш минуттан соң келген. Тексеру кезінде 21 жастағы науқас ес-түссіз жатқан, тіпті, тыныс алмай, жүрек қағысы болмаған. «Біздің қызметкерлер ASLC халықаралық стандарты бойынша реанимациялық іс-шаралар жасады. Өкпені жасанды желдету және дефибрилляциямен жүрек-өкпе реанимациясының алты циклынан кейін 30-шы минутта жүрек қызметі қалпына келтіріліп, өздігінен тыныс алу пайда болды. Науқас көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дмитрий Флерко басқаратын реанимация бөлімі мамандарының арқасында пациент оң динамикамен бөлімшеге ауыстырылды», - дейді Юрий Белоног. Дәрігердің айтуынша, жүрек қызметінің тоқтап қалуының себебі – энергетикалық сусындарды шамадан тыс көп пайдалану болуы мүмкін.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар