Жаңалықтар

СҚО-да инсульт алған ер адам төрт сырқатқа өмір сыйлады

The final spritzer

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді

Солтүстік Қазақстан облысының 62 жастағы тұрғыны инсультпен ауруханаға жеткізіліп, кейін комаға түскен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Дәрігерлер оның миының қызметі тоқтағанын растаған. Медициналық бригада мен трансплантация үйлестірушісімен кеңескеннен кейін науқастың жақындары ағза донорлығына келісім берді. Нәтижесінде, ағза ауыстыруға мұқтаж төрт сырқатқа жаңа өмір сүруге мүмкіндік жасалды.