СҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Құрып кетуге шақ қалған ауыл үлгілі ауылға қалай айналды?
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары арақ-шараптан толығымен бас тартты. Соңғы екі жылдан бері елді мекенде бірде-бір ауыр немесе ұрлық, отбасылық жанжалдар тіркелмеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz cілтеме жасап.
Зарина Аюпова Дайындық ауылына 5 жыл бұрын отбасымен көшіп келген.
Бір кездері құрып кетудің аз-ақ алдында қалған ауыл қазір өңірдегі үлгілі елді мекендердің қатарында. "Үздік 30 ауыл" республикалық жобасында үздіктер қатарынан көрінді.
Жергілікті кәсіпкер Біржан Шаймерденов жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жұмысшыларына жаңа баспана тұрғызып жатыр.
Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды да тұрғызды. Алкогольден толық бас тартуды да ұсынған осы кәсіпкер.
Жергілікі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Қазір ауыл мектебінде 97 оқушы білім алады. Түлектер ауылға қажетті мамандықты меңгеріп, қайтып келіп жатыр.
Дайындық ауылы қарайтын Ленин ауылдық округіне тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Әди Мұқжанов қызмет көрсетеді.
Ішкі істер органдарында он жылдан астам тәжірибесі бар. Оның ауылдағы бүгінгі міндеті – соңғы уақытта жиі тіркелетін қылмыс – интернет-алаяқтықтың алдын алу.