Жаңалықтар

Сәтпаев қаласының әкімі Антикордың қолына түсті

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп отыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровтің қолға түскенін растайды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бүгін бірнеше дереккөз Әубәкіровтің аса ірі көлемде пара алғаны үшін қолға түскенін айта бастаған. Антикор бұл ақпаратты растады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғанын растайды.ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Антикор.

Шапағат Әубәкіров 1983 жылы дүниеге келген. 2023 жылдың басынан бері Сәтпаев қаласының әкімі лауазымын атқарып келген.