Жаңалықтар

"Сүйіктім қасымда": 42 жасқа толған Динара Сатжан Валерий Меладземен түскен фотосын жариялады

Бүгін белгілі тележүргізуші, кәсіпкер Динара Саржанның туған күні

Динара Сатжан туған күнін жақындары мен достарының ортасында шетелде тойлап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол желідегі парақшасына жазба жариялап, ұзақ күткен сүйіктісі де қасында екенін жазған. 

Алайда бизнесвумен сүйіктісінің кім екенін ашып жазбаған. 

Тек әуежайда қазақтың бұл-бұл әншісі Бибігүл Төлегенова мен ресейлік әнші Валерий Меладземен түскен фотосын жариялаған.