Жаңалықтар

Сүйінші: Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

The final spritzer

Бішкекте еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында 86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков чемпион атанып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен таза жеңіске жетті. 

Осылайша, Азамат Дәулетбеков өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды. 

Еске сала кетейік, Ұлттық құрамының үздігі Азамат Дәулетбеков әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.