Жаңалықтар

«Сүйінші»: Давид Дегтярев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Давид Дегтярев Токио паралимпиадасындағы ерлігін қайталады

Давид Дегтярев Парижде өтіп жатқан  Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен топ жарып, Қазақстанның параолимпиялық ойындары тарихында алғаш рет екі дүркін чемпион атанып отыр, деп хабарлайды, Jambylinfo.kz.

Спортшы  пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақта бақ сынаған. Давид Дегтяревф иналда 188 кг салмақты еңсерді. 

Осылайша, жерлесіміз қарсылас шақ келтірмей, Париж төрінде тарихи жеңісіне қол жеткізді. 

Еске салайық, Давид Дегтярев 2020 жылғы Токио паралимпиада ойындарында алтын медаль еншілеген еді.