Жаңалықтар

"Сүйінші": елімізде алғашқы ұлттық мектеп ашылады

Мектеп 2026 жылы қолданысқа беріледі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады жазады Jambylinfo.kz.            

Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толықтай қолданылады.

 Мектеп құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған.