Жаңалықтар

Сүйінші! Ризабек Айтмұхан - үш дүркін әлем чемпионы

Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды.

Бүгін Ризабек үш дүркін әлем чемпионы мәртебесін иеленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Албанияның Тирана қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионаты өтті.

Отандасымыз 97 келі салмақта өнер көрсетіп турнирде оза шапты.

Ризабек финалдық белдесуде ирандық Махди Марофаны айқын басымдықпен жеңді.