Жаңалықтар

"Сөз бостандығы, ашықтық, теңдік": Министрлік дайындаған жаңа заң журналистерді қорғай ала ма?

"Сөз бостандығы, ашықтық, теңдік": Министрлік дайындаған жаңа заң журналистерді қорғай ала ма?

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, жаңа заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және ҚР Конституциясына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы "БАҚ туралы" Заң 1999 жылы әзірленді және онда бекітілген бірқатар анықтамалар өзектілігін жойған.

Жаңа заң шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің бірқатар жаңа қағидаттарын енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, сөз бостандығының кепілі; азамат және адамның жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу; заңдылық; объективтілік; анықтық және ашықтық; өзін-өзі реттеу институтын дамыту; ақпаратқа тең қолжетімділік; отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі; қоғамдық қауіпсіздік.

Ақпаратқа сәйкес, заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын бөлуді талап етеді. Әзірленіп жатқан Заң қолданысқа енгізілген жағдайда "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" ҚР заңдарының заңды күші жойылды деп танылады, делінген құжаттың тұжырымдамасында. Заң жобасы мен тұжырымдаманы жария талқылау Ашық НҚА сайтында 27 қаңтарға дейін жалғасады.