Сабина Алтынбекова өзін мазалап жүрген аурудан толық жазылғанын айтты
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:33
- 153
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты маңызды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спортшының айтуынша, оны ұзақ уақыт бойы бас ауруы мазалаған.
Осыған байланысты Сабина бір жыл көлемінде арнайы ем қабылдап, клиникада тұрақты тексеруден өткен. Ол кәсіби спортшы үшін физикалық қана емес, эмоционалдық жағдайдың да аса маңызды екенін атап өтті.
«Мен бір жылдан бері клиникада тексеруден өтіп келемін және оң өзгерістерді байқадым. Осы уақытта дефициттердің орнын толтырдық, күш-қуатымды арттырдық және көңіл күйімді жақсарттық. Ең бастысы, ойын мен жаттығу кезінде мені қатты мазалап жүрген бас аурулары мен мигрень енді жоқ», – деп жазды волейболшы.
Сондай-ақ Сабина өзіне тиімді емдеу әдісін ұсынған дәрігерлерге алғысын білдірді.





