Sabirkin: 4 тілім нан 1600 теңге тұрады
Sabirkin: 4 тілім нан 1600 теңге тұрады
Sabirkin лақап атымен танымал болған қазақстандық блогер Сабира Жарасқызы еліміздегі туризмді сынға алып, өз парақшасында видео жариялады. Айтуынша, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарының сапасы бағасына сай емес: «Қазақстанда туризмді дамытамыз деп қалай айтамыз? Егер 4 тілім наның 1600 теңге тұрса. Әкімшілік қонақтармен қалай қарым-қатынас жасауды білмейді! Одан да сол ақшаға Түркияда жақсылап демалып қайтуға болады»,-дейді Сабира өз видеосында. Блогер 4 ересек 2 баланың дәмханадағы түскі асына 90000 тг төлеген. Қарап отырсақ, расымен тым қымбат. Сіз Қазақстандағы туризмге қандай баға бересіз? Төменге пікір қалдырып кетіңіз. Журналист: Лаура Рысбек