сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Садыр Жапаров Қырғызстанның бүкіл аумағында казино ашуды тапсырды

Садыр Жапаров Қырғызстанның бүкіл аумағында казино ашуды тапсырды
ашық дереккөзі
Садыр Жапаров Қырғызстанның бүкіл аумағында казино ашуды тапсырды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров казиноны елдің барлық аймақтарында ашуды ұсынды. «Заң жобасына сәйкес, казиноларды тек Ыстықкөл және Баткен облыстарында ашу ұсынылып отыр. Бірақ мен қазір аппаратқа депуттардың заң жобасына бүкіл елде, яғни Бішкек пен барлық облыс орталықтарында казино ашу ұсынысын енгізуді тапсырдым», - деді президент. Ол Қырғызстанда казино 2015 жылға дейін жұмыс істегенін, ол кезде әрбір азаматтың оған баруға құқығы болғанын, жастардың ойынға салынып, күндіз-түні ақшасынан айырылғанын еске салды. «Осыны сылтау қылған жекелеген депутаттар 2015 жылы казиноларды жабатынын айтып қорқытып, олардың иелерінен бірнеше миллион көлемінде ақша бопсалаған. Бірақ олар бұдан бас тартып, қазынаға ақша әкеліп, 1,5 млн сом лицензия сатып алғанын, әрбір үстел мен автомат үшін салық төлеп жүргенін айтты. Сонда депутаттар казиноларды жауып тастады. Мен оның ашылу идеясын неге қолдап отырмын? Заңға қырғызстандықтардың казиноға баруына тыйым салатын норма енгізуді ұсынамын. Казино тек шетелдік туристер үшін ғана жұмыс істейді. Қазіргі кезде экономиканың құлдырауы байқалып отыр, біз ел бюджетін толықтырудың кез келген жолдарын іздеуіміз керек. Онсыз жәрдемақы, жалақы, мемлекттік қарызды төлей алмаймыз. Сондықтан біз казино ашуымыз тиіс», - деп түсіндіріп өтті Жапаров.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар