сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің жаңа облыстарына барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы  еліміздің жаңа облыстарына барады
ашық дереккөзі
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің жаңа облыстарына барады
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 20 маусымда Алматы облысының Байсерке станциясында жұмысын бастады. Бұдан әрі құрам жаңадан құрылған Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде жұмысын жалғастырады. «Саламатты Қазақстан» – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының бір бөлігі. Жобаның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндігі жоқ еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарын тегін медициналық тексеру және диагностикалау. Пойыз 2022 жылдың 20 маусымы мен 2 қарашасы аралығында еліміздің 67 шалғай станциясына барады: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ үш жаңа облыс – Жетісу, Абай және Ұлытау да тізімде бар. Бүгінгі таңда «Саламатты Қазақстан» – жоба бойынша екінші пойыз, сондай-ақ 23 мамырдан бастап «Жәрдем» медициналық пойызы еліміздің шалғай аудандарында тегін медициналық көмек көрсете бастады. «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жалпы саны 60 000 адамды қамтып, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 000, диагностикалық емшара 18 000, шағын хирургиялық операция 1 200 болса, 8 000 адамға стоматологиялық көмек көрсетіледі деп күтіліп отыр. Медициналық пойыздардың дәрігерлері маңызды әрі жауапты миссияны орындайды. Олардың жұмысы біздің отандастарымыздың денсаулығын нығайтуға және әл-ауқатын жақсартуға айтарлықтай үлес қосады. Қос пойыз мамандары медициналық көмекке мұқтаж жандарға барынша қызмет етеді. Жобаны іске асыру бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жапон және неміс өндірісінің жабдықтарымен қамтылған: аппаратура қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл стамотологиялық құрылғылар да жаңартылған», – деді «Саламатты Қазақстан» пойызының аға дәрігері Арман Исайнов. Медициналық персоналдың құрамы әртүрлі бейіндегі білікті мамандардан тұрады: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері. Биыл медицина мамандарының құрамына психолог және дерматовенеролог қосылды, жобаға барлығы 36 маман қатысады. Дәрігерлер бригадасы халыққа барлық қызметті тегін көрсетеді. Мамандандырылған медициналық пойыз 8 вагоннан тұрады: дизель-генератор вагоны, 4 медициналық вагон, 1 конференц-зал және мейрамхана, 2 купе вагон. Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда төтенше жағдай кезінде шағын елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Пойыздар республиканың жетекші клиникаларымен телемедициналық консультациялар жүргізу үшін телефон байланысымен, интернет желісімен жабдықталған. Айта кетейік, «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы 23 мамырда жолға шығып, Маңғыстау облысы бойынша жұмысын аяқтады және қазір Атырау облысында. «Жәрдем» пойызының мамандары 3 141 тұрғынды, оның ішінде 1 290 бала мен 1 851 ересек адамды тексерді. Дәрігерге келушілердің жалпы саны 11 955 адамды құрады. Жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, 2019 жылға дейін жыл сайын іске асырылып келді де, коронавирус індеті кезінде үзіліс алды. Осы кезең ішінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыз Қазақстанның шалғайда орналасқан 1700-ден аса елдімекенін аралап, 488 881 тұрғынды тексеруден өткізді, оның ішінде 101 614 бала бар. 1 647 138 диагностикалық ем-шара, 11 981 кіші амбулаториялық операция өткізілді. Маммолог мамандар 67 148 әйелді қабылдаса, жалпы адамдар дәрігердің қабылдауында 2 873 542 рет болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар