дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды
ашық дереккөзі
Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды
Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.  
Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов 1980 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы. Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған. 2001-2005 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің оқытушысы; 2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратында қызмет атқарған; 2013-2014 жылдары – «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат Басқармасы» ММ-нің басшысы; 2015-2016 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарған; 2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры. 2018 жылдың мамыр айынан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы. 2019 жылдың тамыз - 2020 жылғы ақпан айлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы. 2020 жылдың ақпан - 2021 жылғы мамыр айлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры лауазымын атқарған. Еске салсақ, 2 ақпан күні Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар