Салтанат Нүкенованың әкесі президентке үндеу жасады
Салтанат Нүкенованың әкесі президентке үндеу жасады
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың әкесі қызының қазасына себеп болған Бишімбаевтың барлық мүлкін тәркілеуді сұрады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Үндеу мәтіні әлеуметтік желіде жарияланды.
Нүкенованың әкесінің пікірінше, мемлекеттік қызметшілердің кірісі мен мүлкі туралы декларация сыбайлас жемқорлықпен күресте мүлдем дәрменсіз. Оның айтуынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алынған мүліктерін анасына тіркеп қойған.