Жаңалықтар

Салымға әншілер – 1 миллион, Заттыбек – 300 мың теңге... Мейрамбек Беспаевтың көкпарына қанша теңге тігілді?

Салымға әншілер – 1 миллион, Заттыбек – 300 мың теңге... Мейрамбек Беспаевтың көкпарына қанша теңге тігілді?

Мұны көрген жұрт “Бұл не сурет? Құдай-ау, құдды бір көркем фильмнің түсірілімі секілді ғой!” деп таңырқап жатқаны рас. Бұл туралы журналист, экс-депутат Мейрамбек Төлепберген жазды, – деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шамамен алтың мың адам қатысып, тамашалаған көкпар болды. Жалпы көкпар салымына 25 миллион теңге қойылды.

Интернет желісінде көкпар барысынан бейнежазбалар тарап жатыр. Олардан салымға ақша тіккен әншілердің ішінде Ғазизхан Шекербеков – 1 миллион теңге, Ернар Айдар – 1 миллион теңге, Серік Ибрагимов – 1 миллион теңге, Сәкен Майғазиев – 1 миллион теңге, Заттыбек – 300 мың теңге бергенін естуге болады.