Жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

Биржаның баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесінің құрамы қайта қаралған.

Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  kase.kz  Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жалғыз акционері (KASE тикері – SKKZ) 2025 жылдың 25 қыркүйегінде осындай шешім қабылдаған. Соған сәйкес, Қанат Шарлапаев Директорлар кеңесінен шығарылғаны ресми құжатта көрсетілген.

Осы өзгерістен кейін Директорлар кеңесі алты мүшеден тұрады. Олар:

Олжас Бектенов – кеңес төрағасы, ҚР Премьер-министрі;

Нұрлан Жақыпов – кеңес мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы;

Болат Жәмішев – тәуелсіз директор;

Лука Сутера – тәуелсіз директор;

Вонг Хэн Фай – тәуелсіз директор;

Мұхаммед Джамиль әл Рамахи – тәуелсіз директор.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың 25 қыркүйегінде Қанат Шарлапаев Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен де босатылған болатын.