Жаңалықтар

Санкт-Петерборда тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алды – СІМ түсініктемесі

Санкт-Петерборда тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алды – СІМ түсініктемесі

Ресейде тұрақты тұруға рұқсаты бар Қазақстан азаматтарына әскерге шақыру түсіп жатқаны туралы хабар тарады. Осындай жағдай болған кезде еліміздің азаматтары не істеуі керектігін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Әрине, ақпараттық базаларда мұндай сәйкессіздіктер болып тұрады. Егер, айталық адам Ресей аумағында болса, тұрақты тұруға рұқсат алса, онда бұл – азаматтық емес. Ол әскери комиссариатқа құжаттарын көрсете алады немесе Қазақстан Елшілігіне жүгінуі керек. Заңды тұрғыда Қазақстан азаматы екенін дәлелдеуі қажет», - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.