Жаңалықтар
Сапархан Омаров шетелдіктерге жалға берілген жер туралы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 7 сәуір, 2021
- 279
Сапархан Омаров шетелдіктерге жалға берілген жер туралы айтты
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер қатынастары мәселелері туралы заң жобасын талқылау кезінде елімізде қанша жер алқабы шетелдіктерге жалға берілгенін нақтылады.
«Заң жобасына сәйкес, 2016 жылғы 1 шілдеге дейін, яғни мораторий енгізілгенге дейін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға, шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға және қандастарға жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады әрі ұзартылуға жатпайды. Осындай адамдардың саны және олар иеленетін ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңдары туралы деректер бар ма, сондай-ақ олардың жалдау мерзімі қашан аяқталады», - деп сұрады депутат Фахриддин Қаратаев.
Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мұндай жерлер қазіргі кезде Қазақстанда бар екенін айтты.
«Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жері 7 біріккен кәсіпорынға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді бүгінгі күні жалға алып отыр. Бұлардың барлығы мораторий енгізілгенге дейінгі алынған жерлер. Олардың жалға алу мерзімі 2022 жылдан 2025 жылға дейін. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлердің барлығы мемлекетке қайтарылады», - деді С. Омаров.
Айта кетейік, бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. Сонымен қатар, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған.
С. Омаровтың айтуынша, қандастар бойынша олар жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024