сәрсенбі, 2 қазан, 2024 11:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сапасыз форма үшін сынға қалған компания параспортшыларды да киіндіріп жатыр

Сапасыз форма үшін сынға қалған компания параспортшыларды да киіндіріп жатыр
ашық дереккөзі
Сапасыз форма үшін сынға қалған компания параспортшыларды да киіндіріп жатыр
Азиада спартакиадасында қазақстандық спортшылардың формасы сынға түсті. Себебі сапасыз болып шықты. Бүгін белгілі болғандай, Қытайда өтетін ІV жазғы Азия пара ойындарына баратын отандық параспортшылардың да формасын сол компания тігетін болды, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform. сайтына сілтеме жасап. 
«Біз мемлекеттік сатып алуда тиісті заңнаманы ұстанамыз. Заңнамаға сәйкес ұлттық командалар қазақстандық тауармен қамтамасыз етіледі. Яғни біз барлық жабдықты, спорттық қажеттіліктерді отандық өндірушілерден сатып алуымыз керек», - деді Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қолдау мақсатында жасалады.
«Одан бөлек, еліміздің заңына сәйкес ұлттық командаларға арналған құрал-жабдықтар бір көзден баламалы тәсілмен сатып алынады. Паралимпиадалық ұлттық командалар үшін сол әдістер бойынша сол өндірушілерден спорттық формалар сатып алынды. Егер нақты айтсақ, бұл – «ҚазСПО-N» «Zibroo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі», - дейді ол.
Еске сала кетейік, биыл қыркүйекте отандық спортшы Азиада спартакиада формасының сапасыздығын айтып, сынаған еді. Кейін Туризм және спорт министрлігі Азиада спартакиадасы үшін отандық спортшыларға дайындалған спорттық форманың сапасына қатысты түсініктеме берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар