сенбі, 23 қараша, 2024 6:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сапасыз жолда апатқа ұшыраған адам мемлекеттен ақша өндіре ала ма?

Сапасыз жолда апатқа ұшыраған адам мемлекеттен ақша өндіре ала ма?
ашық дереккөзі
Сапасыз жолда апатқа ұшыраған адам мемлекеттен ақша өндіре ала ма?
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізушілердің кейбірі мемлекеттен келген шығынды өндіріп алғанын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізушілердің кейбірі мемлекеттен келген шығынды өндіріп алғанын айтты.
«Көлік жүргізушісі жаман жолда апатқа түсіп, мәшинесі жарамсыз болып қалса, мемлекеттен сот арқылы ақша өндіре ала ма?», - деп сұрады журналист вице-министрден.
Марат Қожаевтың айтуынша, бұл мүмкін. Тек ол үшін апаттың нақты жол сапасыздығынан болғанын дәлелдеу керек.
«Әрине, жол-көлік оқиғасының себебі жолдың жағдайына қатысты екені дәлелденсе, соның кесірінен жүргізушіде апаттың алдын алуға мүмкіндік болмаса, сотқа азаматтық негізде шағым түсіре алады. Ондай фактілер болған және мүлкіне келген залалды өндіріп алғандар бар. Қазір олардың нақты санын айта алмаймын», - деді вице-министр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар