Жаңалықтар

Саптық тексеріс өткізілді

Саптық тексеріс өткізілді

Саптық тексеріс өткізілді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінің кіші басшы құрам арасында саптық тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында ҚАЖ қызметкерлерінің киім нысандары мен төтенше жағдайда ең қажетті заттары салынған сөмкелері тексерілді. Шара барысында өзге міндетті атрибуттардың болуы пысықталды. Айта кеткен жөн, ҚАЖ қызметінде қызметкерлердің патриоттық сезімін көтеру мақсатында әрі саптық машықтануларын одан әрі жетілдіре түсуге бағытталған іс шаралар жиі өткізілетіндігі бүгінде көпшілікке белгілі. М.МАХАТОВ, №26 түзеу мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы, әділет капитаны