Жаңалықтар

Сарбаздардың суициді: Қорғаныс министрінің орынбасары ескертумен құтылды

The final spritzer

Шайх-Хасан Жазықбаев журналистерге әскердегі суицид оқиғаларынан кейін ескерту алғанын айтты.

Вице-министр ескертудің ауызша немесе жазбаша болғанын (және оның жалақысына әсер еткен-етпегенін) нақтыламады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бір ғана ескерту алдым. Ауызша немесе жазбаша болсын – қарулы күштерде бұл екеуі бірдей. Маған жұмысымды жақсарту үшін осы да жеткілікті», – деді Жазықбаев.

Ол армиядағы суицид саны бойынша нақты статистика келтіре алмады, бірақ мұндай оқиғалардың азайғанын айтты:

«Сандардан қателесуім мүмкін. Бірақ есімде қалғаны: 2024 жылы – үш суицид фактісі тіркелді. Бұлар – мерзімді әскери қызметшілер. Келісім шарт бойынша қызмет ететіндерге қатысты ақпарат қолымда жоқ. Кейінірек ұсынатын боламыз. Әлеуметтік желілерде таралған «әр жылы армияда 90 суицид болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды»,  - дейді министрдің орынбасары.