Жаңалықтар

Сарыкемердегі мектеп оқушыларының улануына қатысты жаңа дерек шықты

Сарыкемердегі мектеп оқушыларының улануына қатысты жаңа дерек шықты

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектепте жетінші қарашада болған жағдайға байланысты Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары жаңа мәліметтермен бөлісті.

Айта кетейік, жетінші қараша күні мектеп асханасында түскі ас ішкен 48 адам тамақтан уланған . Екеуі ересек, қалғаны — балалар. Балалардың көбі – 7-10 жас аралығындағы оқушылар.