жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында ас тұзы өндіріледі

Сарысу ауданында ас тұзы өндіріледі
ашық дереккөзі
Сарысу ауданында ас тұзы өндіріледі
Жалпы, Сарысу ауданы бұ­рын­нан өндірісі өркендеген, эко­номикасы дамыған аймақ ре­тінде белгілі. Аудан орталығы Жа­ңатас қаласының өзі кезінде ел экономикасында айтарлықтай орны бар шаһар болған. Бүгінгі таң­да Жаңатас қаласының әлеу­еті қайтадан көтеріліп, өңір­де кә­сіп­керлік саласына бет­бұ­рыстар жасалуда.  
Қазір аталған ауданда фосфор өндіретін екі ірі зауыт бар. Со­нымен қатар қазіргі таңда ау­­данда 2279 шағын және ор­та кәсіпкерлік субъектісі жұ­мыс істейді. Сарысу ауданы әкім­ді­гінің мәліметінше, олар мем­­ле­кеттен несие алу бағ­­дар­ла­ма­ла­рын да игеріп, өзін және өзгені де жұмыспен қам­ти­тын жағ­дайға жеткен. Аудан хал­қы­ның 35 пайызы, яғни 7644 азамат өнер­кәсіп немесе кәсіпкерлік сала­сында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында кәсіпкерлік кең өріс алып, бұл бағыт аудандар ахуалын арттыруға өзіндік үлесін қосып отыр. Астана қаласының мерейтойына орай «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы аясында бірқатар аудандарда кәсіпкерлік нысаны ашылып, өз жұмысын бас­тады. Сондай кәсіпкерлік ны­­сан­ның бірі Сарысу ауда­нын­да­­ғы ас тұзын өндіретін және өң­дейтін «Асыл тұз» компания­сы» жауапкершілігі шектеулі се­­­рік­тестігі. Жалпы құны 710 мил­­лион теңгені құрайтын жо­ба­ның құрылысы облыстың кә­сіп­керлікті қолдау картасына ен­гізілген. Сонымен қатар атал­ған кәсіпкерлік нысанының өн­ді­ріс­тік қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайды. Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаевтың айтуын­ша, бұл жаңа өндіріс орнының іс­ке қосылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді және өндіріс өрісін одан әрі кеңейте түседі. Енді ас тұзын шығаратын кәсіп­орын­да 75 жаңа жұмыс орны пай­да болады. Сондай-ақ аталған кә­с­іп­керлік нысан тұрғындарды жұ­мыс­пен қамту арқылы әлеуметтік жағ­дайды жақсартуға, салық қа­зы­насын толықтыруға да оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда аталған серік­тес­тік аудан орталығынан 200 ша­қырым қашықтықта жатқан Жай­лаукөл немесе Шығанақ жеріндегі кен орындарынан тұз тасып жатқан болса, алдағы уа­қыттарда жақын жерлердегі тұз кен­дерін барлау және игеру жұ­мыс­тарын бастайды. Қазіргі кезде аталған серіктестіктің басты мақсаты шикізат көлемін ұлғайту бо­лып отыр. Егер шикізат кө­бей­се өндірістің өрісі кеңейіп, қуаты да артатын болады. Жұмыс барлық талапқа сай болу үшін бүгінде мұнда Ресей және Украина мемлекеттерінен құ­р­ылғылар әкелініп, зауыт то­лы­ғымен автоматтандырылған. Өн­діріс орнының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар екен. Цех бас­шысы Жандос Шұғаевтың ай­туынша, бүгінде өндірілген ас тұзын Жамбыл облысынан бө­лек, Қарағанды облысына және көр­ші Қырғыз Республикасына экс­порттау жұмыстары жолға қой­ылған. Осы уақытқа дейін «Қаз­фос­фат» арқылы фосфор өнді­ру­мен, «ЕуроХим» арқылы хи­мия­лық ты­ңайтқыштарды өңдеумен аты шыққан Сарысу ауданы енді ас тұ­зын өндіруде бел­сен­ділік тан­ы­туда. Бұл ретте аудан әкім­дігі та­рапынан тиісті қолдау да бар. Жа­қын арада зауытқа жер­гілікті әкімдік тарапынан темір жол тұйығын салуға және электр жа­рығымен қамтуға тиісті көңіл бөлінбек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар