жексенбі, 6 қазан, 2024 9:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында балаларға арналған тағы бір алаңша ашылды

Сарысу ауданында балаларға арналған тағы бір алаңша ашылды
ашық дереккөзі
Сарысу ауданында балаларға арналған тағы бір алаңша ашылды
25 қазан – Республика күні және 2022 жыл – Балалар жылына орай мерекелік тарту ретінде Арыстанды ауылында балалар ойын алаңшасының ашылу салтанатты өтті.
Әмит Асанов көшесінде орналасқан алаңшаның жалпы шығыны 2 583 133 мың теңгені құрап отыр.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, заманауи үлгідегі құрылысты жүргізген мердігер «АК-Айсер» Табыс ЖШС өкілдеріне алғысын айтып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, ел игілігіне қолданысқа берілген алаңшалар балалардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетініне сенім білдірді.
Балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысып, жұмыс сапасын бақылаған аудан басшысы ауыл тұрғындарына алаңша аумағын күтіп-ұстау қажеттігін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар