дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

Сарысу ауданында күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Сарысу ауданында күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
Елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша күзгі науқан ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын болады. Әскери қызметке шақыруға 18 бен 27 жас аралығындағы денсаулық жағдайы бойынша жарамды, сотталғандығы және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар жатады. Жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік ететін облыстық, қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысқа кірісіп те кетті. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмахановтың төрағалығымен көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындыларын шығару, сондай-ақ 2022 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанының міндеттерін айқындау, «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша әскерге шақыру комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында жиын өткізілді. Жиынға облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі, облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ермек Абдуллаев және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Диана Ысқақова қатысып, әскерге шақыру комиссия мүшелері мен қала және ауылдық округтердегі әскери есепке жауапты мамандарға тиісті әдістемелік көмектер ұсынды. Күн тәртібінде 2022 жылғы әскер қатарына шақыруға көктемгі жасақ жоспарының орындалуы және күзгі науқанына дайындық жұмыстары мен аудан бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» немесе «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәселелер қозғалып, Жаңатас қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы Асан Есенғалиұлымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Мұхаметәлі Нұрланұлы баяндама жасады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар