Жаңалықтар

Сарысуда электр жүйесі генеторлармен жұмыс істеп тұр

Сарысуда электр жүйесі генеторлармен жұмыс істеп тұр

Жамбыл облысы, Сарысу ауданының халық саны – 38 725(оныңішінде ерлер-19 446, әйелдер-19 279, 70 жастан жоғары-1 817, 0-14 жасқа дейін-13 524).

Денсаулық сақтау желісі бойынша медициналық ұйымдар: Сарысу аудандық орталық аурухана-1, орталықаудандық аурухана жанындағы емхана-1, ауылдық емхана-1, дәрігерлікамбулаториялар- 6, ФАП - 5, МП-12, ғимаратсыз - 2.  

Желдің салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласы бойынша электр жүйесіжәне жылу жүйесі жұмыс істемей тұр. Зардап шекендер жоқ.

Сарысу аудандық орталықауруханасы 144 төсек орынға арналған, бүгінгі таңда электр жүйесі генеторлармен жұмыс істеп тұр, жылужүйесі жоқ.

АОА-ның және оған қарасты сырттаорналасқан Жаңатас қаласындағыжұқпалы аурулар бөлімшесінің жоспарлытүрде жатқан науқастарды жағдайларынақарай үйлеріне жедел жәрдем қызметікөліктерімен үйлеріне жеткізілді.

Босану болімінде жатқан 1 әйел үй жағдайына шығарылды, 2 - әйел Талас аудандық орталық ауруханасына ауыстырылды.

Аурухана бойынша тыныс алу аппараттарында және жағдайы ауыр науқастар жоқ.  

Шұғыл түрде, Дегерес дәрігерлікамбулаториясының ғимаратына 20 төсек орынға арналған стационарлық төсек орын ұйымдастырылды, ғимарат автономды жылытылады.

Саудакент ауылдық емханасының ғимарататында 20 стационарлық төсек орын ашылды, ғимарат генераторға қосылған, автономды жылытылады.Ауруханаға қайырылған науқастарға көмек көрсету мақсатында Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы қажетті медициналық құрал жабдықтар  көшіріліп  орналастырылды.

Аудан бойынша 4 эвакуациялық орталық ашылды:1 мәдениет үйінде, 3 –і орталық мектеп ғимараттарында.

Тараз қаласынан - 2 реанимобиль, Талас аудандық орталық ауруханасынан-1 жедел жәрдем көлігі (барлығы 5 автоколік) жұмылдырылды.

Орталық аурухананда науқас жоқ. Қабылдау бөлімінде медициналық мамандар кезегі ұйымдастырылды, қайырылған науқастарды қарап Талас аудандық ауруханасына (40 т/о ұйымдастырылды) және Тараз қаласына жолдау жұмыстары ұйымдастырылды.