Жаңалықтар

Сауд Арабиясы Украинаға 410 млн. доллар бөледі

Сауд Арабиясы Украинаға 410 млн. доллар бөледі

Бұл туралы Сыртқы істер министрі украин басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу барысында айтты. "Патшалық Ресей-Украина дағдарысының бейбіт жолмен шешілгенін қалайды. Барлық тараптармен дағдарысты реттеу мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырамыз", - деді араб министрі. 26 ақпанда Фейсал бен Фархан Әл Сауд Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл оның елдер арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі Украинаға алғашқы ресми сапары. Эр-Рияд пен Киевтің өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі болды, оның аясында Украина әріптесінен мұнай өнімдерін алады.