Сауд Арабиясында да маймыл шешегі анықталды
Сауд Арабиясында да маймыл шешегі анықталды
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта шетелден келген адамның маймыл шешегіне шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды, Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауру жұқтырған адам қазір дәрігерлердің бақылауында және оған бекітілген медициналық процедураларға сәйкес көмек көрсетіліп жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар тексерілді, сынамалары сау екендіктерін көрсетті. Оларда аурудың белгілері де жоқ. Билік кез келген жағдайға дайын екенін мәлімдеп, халықты, әсіресе саяхат кезінде медициналық нұсқауларды орындауға шақырды. Бұған дейін Ресейде маймыл шешегі тіркелді. «Роспотребнадзордың» баспасөз қызметі мәлім еткендей, науқас Еуропа елдеріне саяхаттап келген. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия маймыл шешегінен сақтану керектігін ескертті.