жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сауд Арабиясында «Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады

Сауд Арабиясында «Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясында «Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады

Сауд Арабиясында «Томиристі» соңғы жылдары шыққан сапалы тарихи фильм деп бағалады

2022 жылғы 24 қараша - 14 желтоқсан - Сауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтті.

Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты.

Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген.

Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. Олар сондай-ақ ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және «Томирис» фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар