Сауда үстемеақы талабын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылуда
Сауда үстемеақы талабын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылуда
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында Жамбыл облысының әкімі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша 15 пайыздық үстемеақының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді міндеттеп отыр. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырған 19 сауда нүктесіне ескерту берілген. ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабын қайталап бұзған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген. Айта кетейік, Жамбыл ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша үстемеақы талабын қайталап бүзу фактісі анықталған кейін «Достар» сауда нүктесінің иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.