Саясат Нұрбек халықаралық Learning Hero сыйлығымен марапатталды
Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру саласындағы жаңашылдықтары үшін халықаралық Learning Hero Award сыйлығын иеленді.
Аталған марапат Coursera платформасы тарапынан ұлттық деңгейде цифрлық оқытуды дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға табысталады. Learning Hero Award – әлемдік білім беру жүйесіне серпін берген, жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал еткен көшбасшыларға арналған беделді сыйлық.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан соңғы жылдары білім беруді цифрландыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Министрлік бұл бастамаларды Қазақстанның цифрлық білім беру реформасындағы табысты қадамы ретінде бағалап отыр. Цифрлық оқытуды кеңінен енгізу арқылы еліміз халықаралық деңгейде білім саласында оң имидж қалыптастырып келеді.