дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр

Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр
ашық дереккөзі
Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр

Өткен бір ай ішінде Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов бірқатар өңірге барып, байқаушылармен сайлауды бақылаудың басым мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Төлеген Күнәділов елорданың байқаушылармен кездесті.
Біздің алдымызға қойған басты міндет — сайлаудың әділ, ашық, демократиялық сипатта өтуі. Біз сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау заңнамасының сақталуын мұқият қадағалаймыз, — деп атап өтті Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов оқыту семинарына қатысушыларға сөйлеген сөзінде.
Партиялық емес байқау орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Төлеген Күнәділов байқаушының міндеттеріне тоқталып, сайлау учаскелерінде қандай заң бұзушылықтарға жиі жол берілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан оқыту семинарларынан басқа, Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары барлық құқықтық қыр-сырын меңгеруге және өз учаскелерінде бақылауға толық дайындалуға мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау осы жылғы 20 қарашада өтетінін еске сала кетейік.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар