дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сайлау барысындағы мемлекеттік органдардың рөлі

Сайлау барысындағы мемлекеттік органдардың рөлі
ашық дереккөз
Жуырда Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.

Басқосуға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары С.Құрманбеков, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ.Сламбекова, «Aulieata-media» ЖШС бас директоры Д.Асқарұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура, саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиынды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Келесі кезекте облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т.Жамалов өңірде өткізілген сайлау науқандарындағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлі мен маңыздылығы, олармен ұсынылған кандидаттардың белсенділігі туралы дәріс оқып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ.Сламбекова сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Тумабеков ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау барысындағы мәселелер, «Aulieata-media» ЖШС бас директоры Д.Асқарұлы сайлау науқаны барысында сайлаушыларды ақпараттандыру және үгіт кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, облыстық прокуратура өкілі сайлау науқаны барысында қолданыстағы заңнамалардың орындалуы, Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Ж.Бастаубаева саяси партиялардың сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы тәжірибесі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Семинар соңында С.Айдапкелов сайлау процесін даярлауда оның ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуіне жиынға қатысушылардың назарын аударып, сайлау науқандарында белсенділік танытқан бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар