сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 7:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сайлау: Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді

Сайлау: Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді
ашық дереккөзі
Сайлау: Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді
Елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына орай байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. 3 қарашада барлық серіктестеріміздің, кандидаттардың республикалық штаб өкілдерінің басын қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, тәжірибеде байқаушылардың өздері заң бұзушылыққа жол беретіні кездеседі. Алдағы өтетін кездесуде аталған құжатты талқылап, қабылдауды көздеп отырмыз. Одан кейін оны жұмыс істеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жібереміз», — деді Төлеген Күнәділов елордада өткен брифинг барысында. Ол байқаушылар заңдылық пен ашықтықты сақтап, барлық кандидатқа бейтарап болуы тиістігін баса айтты. Сонымен қатар соңғы уақытта байқаушылар тарапынан сайлау үдерісіне қызығушылық артып келе жатқанын ерекше атап өтті. «Егер 2010 жылғы сайлауға 29 мың адам байқаушы ретінде қатысса, 2019 жылы олардың саны 45 мыңға жетті. Ал 2021 жылы өткен парламенттік сайлауға 74 мың байқаушы тіркелді. Қоғамның қызығушылығы артып келеді. Азаматтық қоғам байқаушы ретінде көп қатысқан сайын азаматтардың таңдауы заңмен қорғала түседі», — деді орталық төрағасы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар