Сайлау бейтарап байқаушылардың назарында болады
Сайлау бейтарап байқаушылардың назарында болады
Бұл туралы бүгін Партиялық емес байқау орталығының брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Брифинг барысында Президент сайлауын қоғамдық бақылауға қатысты мәселелер талқыланды.
Бақылаушылар өзіміздің әлеуметтік желі арқылы іріктелетін болады дейді спикер. Және олардың мамандығы маңызды болмайды. Сайлау барысында заң бұзушылық орын алғанын көрсеңіз, осы бақылаушыларға жүгінсеңіз болады.
Қазіргі таңда байқаушылардың жас мөлшері жасарды деп айтуға болады. Сөз соңында биылғы сайлауға байқаушы болуға жастар көп қызығушылық танытып отырғанын айтты.